Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Ұлттық аударма бюросы – Елбасының тапсырмасымен қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында құрылған коммерциялық емес ұйым.

Біздің басты міндетіміз:

– Алдағы жылдарда гуманитарлық бағыттағы әр тілде жарық көрген әлемдегі 100 үздік оқулықты қазақ тіліне аудару ісін жүргізу;
– Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология ғылымдары саласынан студенттердің әлемдік озық үлгіде толыққанды білім алуына жағдай жасау;
– Авторлық құқық, заманауи инновациялық құралдар, оқу-әдістемелік бағдарламаларды және т.б. ескеріп, аудармашы мамандар, профессорлық-оқытушылық құраммен бірлесіп, аударма саласында жаңа әдіс-тәсілдер қалыптастыру;
– Ұлттық контентті шет тілдерге аударып, әлемге таратып таныту.

Бүгінде 2018-19 оқу жылында білім алушы жастарымызды «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған оқулықтар бойынша оқыту да жоспарлануда.

Қазір «Ұлттық аударма бюросы» еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, Сүлейман Демирел университетінің, Нархоз университетінің, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының, Алматы менеджмент университетінің ғалымдары тобымен бірлесіп, оқулықтарды аудару ісін жүргізуде.

Бұл парақшада «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылатын оқулықтардың электронды нұсқасы оқырман назарына ұсынылады. Ғалымдар мен ізденушілер, жоғары оқу орындары студенттері, «кіші ғылым академиясының» талапты буыны, қызығушылық танытқан көпшілік оқырман осы парақша арқылы жобаның іске асу барысынан тікелей хабардар бола алады.




«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 2017 жылы аударылатын кітаптар:

Ұлттық аударма бюросы тәржімалап жатқан 17 кітаптардың тізімін төменде ұсынып отырмыз:

1. Derek Johnston. A Brief History of Philosophy: From Socrates to Derrida

2. Anthony John Patrick Kenny. A New History of Western Philosophy (In Four Volumes). Volume 1

3. Anthony John Patrick Kenny. A New History of Western Philosophy (In Four Volumes). Volume 2

4. Реми Хесс. 25 ключевых книг по философии

5. David Brinkerhoff, Suzanne Ortega, Rose Weitz. Essentials of Sociology. 9th Edition

6. George Ritzer. Sociological Theory. 10th Edition

7. Elliot Aronson. The Social Animal. 11th Edition

8. Duane P. Schultz, Sydney Ellen Schultz. A History of Modern Psychology. 11th Edition

9. David Myers. Social Psychology

10. Gregory Mankiw. Economics. 4th Edition

11. Donald F. Kuratko. Entrepreneurship: Theory, Process, and Practice. 10th Edition

12. Ricky W. Griffin. Management. 12th Edition

13. Karen Armstrong. A History of God: The 4,000-Year Quest of Judaism, Christianity and Islam

14. Victoria Fromkin, Robert Rodman, Nina Hyams. An Introduction to Language, International Edition

15. Светлана Тер-Минасова. Язык и межкультурная коммуникация

16. Alan Barnard. History and Theory in Anthropology Theory

17. Klaus Schwab. The Fourth Industrial Revolution


23 тамыз күні Алматы қаласында “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасының “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылауға арналған дөңгелек стол өтті. Шараға ғалымдар, аудармашылар, редакторлар, баспагерлер, оқу орындарың ұстаздары мен мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты. Басқосуда ғылыми терминдер мен ұғымдарды қазақ тіліне аудару, өзге тілдерден енген сөздер қолданысы, терминология, стиль, аудармашылар ортасының мәселелері сөз болды.

“Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы аясында философия, социология, психология, мәдениеттану, дінтану, тіл білімі, экономика, менеджмент пен кәсіпкерлік салалары бойынша әлемдегі ең үздік оқулықтар қазақ тіліне аударылып жатыр.

Бүгінде аталған бағыттар бойынша іріктелген 17 кітап аударылуда. АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Франция мен Ресейдің үздік баспаларымен кітаптарды қазақ тіліне аудару құқықтары рәсімделді. Аударманы іске асыру үшін 17 жұмыс тобы құрылып, 90-нан астам маман жұмысқа тартылды. Оқулық аудармасы сапасын қамтамасыз ету мақсатында аударма тәуелсіз ғылыми және әдеби редакциядан өтеді.

БАҚ дөңгелек стол туралы

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылуға ұсынылған кітаптар.

Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру–әдістемелік орталығының шетел әдебиетінен қазақ тіліне аударуға ұсынған кітаптар тізімі.






Байланыс

010000, Астана қаласы, Достық 18, 6 қабат
Тел.: +7 717 2 95 45 70
Email: Бұл email адрес спам боттардан қорғалған. Оны көру үшін JavaScript қосулы болу керек.