Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Рысбай Ғабдиев

Рысбай Ғабдиев
Loading player...

Рысбай Хисметұлы Ғабдиев (05.02.1936, Ресей, Астрахан облысы Қызылжар - 2004 жыл) - домбырашы, дирижер, Қазақстанның халық артисі (1996). 1953 жылы Алматыда өткен жасөспірімдердің республикалық өнер байқауында Құрманғазының "Төремұрат" күйін орындап, бірінші орын алған. Алматы музыка училищесін (1958), Шымкент өнер институтын бітірген (1979). 1954-1961 жылдары Қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы, қонцертмейстері, 1961-1962 жылдары Атырау музыкалық училищеде оқытушы, 1962-1980 жылдары Доссор музыка мектебінің директоры, 1980-1990 жылдары Атырау педагогикалық институтының музыкалық-педагогикалық факультетінің деканы болды. 1990 жылдан Атырау облысы халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері. Рысбай Ғабдиев 1994 жылы Анталия (Түркия) қаласында өткен дүниежүзілік өнер фестивалінің, 1998 жылы Алматыда өткен "Құрманғазы және ұлы дала музыкасы" халықаралық фестивалінің бас жүлделерін жеңіп алды. Ғабдиевтің репертуарында Құрманғазының "Терісқақпай", "Төремұрат", "Байжұма", "Адай", "Аман бол, шешем, аман бол", "Қайран шешем", "Машина"; Динаның "Бұлбұл", "Байжұма"; Дәулеткерейдің "Байжұма", "Қос ішек", "Көркем ханым", "Кербез Ақжелең", "Көроғлы", Сейтектің "Ақсақ құлан", Есбайдың "Ел айырылған", Ерғалидің "Қоштасу", сондай-ақ Қазанғаптың, Абылдың күйлері, халық күйі "Қарасай", т.б. бар. Ғабдиев - "Балалар оркестрімен жұмыс", "Домбырадан сабақ беру тәсілі", т.б. кітаптардың авторы.

«Парасат» орденімен марапатталған.