Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Марат Нуретдинов орындауындағы күйлер

Марат Нуретдинов орындауындағы күйлер
Loading player...

Марат Нуретдинов

Нуретдинов Марат Камаратдинұлы 1988 жылы қараша айының 15 жұлдызында Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.

 2010 жылдан «Өнер» МКҚК-де  оркестр мүшесі боп еңбек етіп келеді.

 2012 жылы «Қазақ толқыны» студиясынан «Отанға арнау» атты күйтабағын жарыққа шығарып, үлкендердің батасын алып, халықтың алғысын алады.

2012 ж. Қалалық «Күй құдіреті – 2012» атты күйшілер байқауында ІІІ орынға ие болды. (Жаңаөзен 2012)

2011 ж. Емші Мерген ата 80 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық ақындар мүшәйрасында ІІІ орынға ие болды. (Маңғыстау облысы Шетпе кенті)

2012ж. Қашаған жырауға арналған «Жыр сағаттары» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасында «Бас жүлдеге» ие болды. (Ақтау қаласы 2012ж)

2013ж. Ақтөбе қаласында өткен республикалық «Созвездие талантов» атты байқау фестивалінде «Аспаптық жанры» бойынша ІІІ орынға ие  болды. (Ақтөбе қаласы 2013ж)

2013ж. Сары Батақұлының 150 жылдығына арналған «Дала дастаны» атты дәстүрлі ән орындаушылардың республикалық байқауында «Дипломант» атағына ие болды. (Ақтөбе қаласы 2013 ж.).

Қазіргі таңда Марат Қамаратдинұлы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында мәдениет саласында 7 жылдан бері еңбек етіп келеді.