Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Сапаралы Серікбаевтың орындауындағы әндер

Сапаралы Серікбаевтың орындауындағы әндер
Loading player...

Сапаралы Серікбаев – 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мақтарал ауданы, А. Қалыбеков ауылында дүниеге келген. 1965 жылы мектепте мұғалім, 1970 жылы Сырдария облысы, Гагарин қаласындағы мәдениет үйінің директоры,  1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданының аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 2004-2011 жылдар аралығында Жетісай қаласындағы Қ. Жандарбеков атындағы драма театрының директоры қызметтерін атқарады. Өнер жолын 1970 жылы «Мақта»  деп аталған қазақ-ұлттық фольклорлық ансамблін ұйымдастырады. Ансамбльдің өнерін көрермендер жылы қабылдайды. Республикаға танымал болған ансамбль 1971 жылы Мәскеуде өнер көрсету құрметіне ие болады. Сол кездері Мәскеудің Кремль сарайында қазақ әнін шырқаған қазақ өнерпаздарының бірі Сапаралы Серікбаев болды. Оның тікелей қамқорлығы мен ұйымдастыруының арқасында «Мереке» фольклорлық ансамблі, Халық аспаптар ансамблі, Халықтық хор,  сондай-ақ немістің «Жастық» ансамблі құрылады.  Өзі басшылық ететін «Мереке» ансамблі халыққа кеңінен танымал болады. Өнер ұжымының ән-күйлері радио, теледидар арқылы да беріліп жатады. Ансамбль өнеріне тәнті болған даңқты композитор Н. Тілендиев Жетісайға арнайы іздеп келіп, ұжыммен бірге бірнеше күн жұмыс істеп, ансамбль атауын «Жетісай сазы» болсын деп ақ батасын береді. «Қыз едің ойлы, есі бар», «Ойнап күл, қалқа, ойнап күл», «Сайран су», «Әй-әй бөпем» т.б. ұмыт болып бара жатқан халық әндерін нотаға түсіріп, ансамбль репертуарына қосады. Сапаралы Серікбаев 200-ге тарта халық әндері мен композиторлардың туындыларын шарықтата шырқап, ұмытылмай бүгінгі күнге  жеткізуге еңбек етеді.

Бұл – Қазақстанның ашық кітапханасы мен ҚР Ұлттық кітапханасының бірлескен жобасы. Кітапхананың Өнер бөлімінде ХХ ғасырдың басынан бері Қазақстанға қатысты жарық көрген грампластинкалар толық  сақталған.  Құнды аудиоматериалдар осы жоба аясында kitap.kz сайты арқылы оқырмандарға тұңғыш рет ұсынылып отыр.

Грампластинканың толық мазмұны және ҚР Ұлттық кітапханасындағы каталогтік нөмірі төменде көрсетілген.

Е/1225 САПАРАЛЫ СЕРІКБАЕВ

 ӘН ШЫРҚАЙДЫ

Қыз едің ойлы

Күміс құман

(қазақтың халық әндері)

Қазақ тілінде

1985 жылы жазылған

1-беті

Баянауыл

Ойнап күл, қалқам

(қазақтың халық әндері)

Қазақ тілінде

1985 жылы жазылған

2-беті

Пікір қалдыру үшін, сайтқа тіркеліп, кіру керек.