Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Фариза Оңғарсынова. "Мен саған сыр айтамын"

Фариза Оңғарсынова. "Мен саған сыр айтамын"
Loading player...

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (1939-2014) – қазақ ақыны, журналист,  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004). 1939 жылы5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.19661968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған. 1968–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің АқтөбеГурьевОрал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен. 1970–1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері»  (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді. 20002004 жж. ҚР мәжілісінің депутаты болды. Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы. Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін  Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Фариза Оңғарсынова 2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті.

Бұл – Қазақстанның ашық кітапханасы мен ҚР Ұлттық кітапханасының бірлескен жобасы. Кітапхананың Өнер бөлімінде ХХ ғасырдың басынан бері Қазақстанға қатысты жарық көрген грампластинкалар толық  сақталған.  Құнды аудиоматериалдар осы жоба аясында kitap.kz сайты арқылы оқырмандарға тұңғыш рет ұсынылып отыр.

Грампластинканың толық мазмұны және ҚР Ұлттық кітапханасындағы каталогтік нөмірі төменде көрсетілген.

Н/5952 ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА

ӨЗІНІҢ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚИДЫ

Поэзия – менің планетам

Отан

Сараның монологы

Екі өмір

Ананың сөзі

Менің жолым

Неге солай

Творчество азабы

Ауыл

Ақан сері

 От басы

Тазару

Өкініштерім

Қазақ тілінде

1986 жылы жазылған

1-беті

ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА

ӨЗІНІҢ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚИДЫ

Ғабит Мүсіреповке

Жағымпазға сенбеңіз

Ән

Менің тірегім

«Басынан Қаратаудың...»

Киіз үй

Дос келбеті

Сәуле

Сыр

«»Анамның құрбылары

Жайлаудағы той

Қыздарға

Поэзия

Қазақ тілінде

1986 жылы жазылған

2-беті

Пікір қалдыру үшін, сайтқа тіркеліп, кіру керек.