Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Дина Нұрпейісованың орындауындағы күйлер

Дина Нұрпейісованың орындауындағы күйлер
Loading player...

Дина Нұрпейісова (1861-1955 ж) қазақ халқының ұлы күйші-домбырашысы. Күй атасы Құрманғазы дәстүрін берік ұстаған және сақтаған, Совет дәуіріне жеткізіп, бүгінгі ұрпаққа табыс еткен «домбыраның Жамбылы».

         Дина 1934 жылы Москвада болған халық аспаптарында орындаушылардың Бүкілодақтық конкурсына қатысып, бірінші жүлдеге ие болған әйгілі орындаушы. Ол 1944 жылы Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарына қарамастан Ташкентте өткен Орта Азия және Қазақстан әдебиеті  мен өнерінің онкүндігіне қатысып, өзінің озық өнерімен шынайы орындаушылығымен тыңдаушыларын таңдандырды.

       Динаның творчествосына берілген зор әрі әділ баға белгілі Совет музыка зерттеушілері А. Тюллин, И. Александрова, С. Беляев, А. Жұбанов ой-пікірлері болып саналады.

         Дина – тек алып күйші-домбырашы емес, ол әрі көп құрметіне бөленген халық композиторы. Оның әсіресе Ұлы Отан соғысы кезінде шығарған күйлері тамаша, солист-домбырашылардың, Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестр репертуары төрінен орын алған күйлер. Динның «Той бастары», «Жеңісі», «Әсем қоңыры», «Сегізінші марты», «Сауыншысы» міне осындай мәңгі жасайтын музыкалық мұра болып танылмақшы.

         Коммунистік партия мен Совет үкіметі Дина еңбегін көп салалы творчествосын жоғары бағалайды. Ол екі рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталған, «Қазақ ССР-ның халық артисі» деген құрметті атаққа ие болған талант иесі.

                                                                                     Хабибулла Тастанов,

                                          Қазақ ССР-на еңбек сіңірген өнер қайраткері, музыка зерттеушісі