Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік

Сәдуақас Балмағамбетов. Қазанғаптың күйлері

Сәдуақас Балмағамбетов. Қазанғаптың күйлері
Loading player...

Балмағанбетов Сәдуақас - домбырашы, шебер орындаушы және қазіргі замандық көптеген күйлердің авторы. 1941 жылы Ақтөбе облысында туған. 1974 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Х. Тастановтың класы бойынша бітірген. 1978 жылдан ол осы жоғарғы оқу орнында дәріс береді. Әкесі Балмағамбет, Қазанғап күйшінің дәстүрлі орындау мектебін жалғастырушы белгілі домбырашы болған. Сәдуақас домбырада ойнауды жас кезінен бастаған. Оны туысқан ағасы Матай Қуантаев өнерге баулыған (ол да Қазанғаптың шәкірті). Мұнан кейінгі жылдары Сәдуақас шеберлігін Қадірәлі; Келбет; Жалыкеш; Құрманғали сынды домбырашылардан үйрену арқылы шыңдайды.Сәдуақас Балмағамбетовтың өзіне ғана тән орындау ерекшелігі бар. Күйді шеберлікпен орындау арқылы ол халық ықыласына ие болды.

Бұл – Қазақстанның ашық кітапханасы мен ҚР Ұлттық кітапханасының бірлескен жобасы. Кітапхананың Өнер бөлімінде ХХ ғасырдың басынан бері Қазақстанға қатысты жарық көрген грампластинкалар толық  сақталған.  Құнды аудиоматериалдар осы жоба аясында kitap.kz сайты арқылы оқырмандарға тұңғыш рет ұсынылып отыр.

Грампластинканың толық мазмұны және ҚР Ұлттық кітапханасындағы каталогтік нөмірі төменде көрсетілген.

               Н/1989-20288  ҚАЗАНҒАПТЫҢ КҮЙЛЕРІ

               Алғы сөз, оқыған Сәдуақас Балмағамбетов

Күй басы

Көкіл

Қара төс

Кербез Ақжелең

Өтті дүние

Ақжелең

Торы аттың бөгелек қағуы

Садуақас Балмағамбетов, домбыра

1982 ж. Жазылған

1-беті

ҚАЗАНҒАПТЫҢ КҮЙЛЕРІ

Торы ат

Жұртта қалған

Балжан ІІ түрі

Балжан ІІІ түрі

Шыныаяқ тастар

Жем суы

Садуақас Балмағамбетов, домбыра

1982 ж. жазылған

Пікір қалдыру үшін, сайтқа тіркеліп, кіру керек.