Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік
Әбіш Кекілбаев

Әбіш Кекілбаев

Жазушының тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезiмтал, бәйгенiң алдынан ғана келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Әбiштi.  Ал, аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгi жанатын жұлдыз.

Тұманбай Молдағалиев

  

Әбекең дүниеге келерден екі жыл бұрын тоталитарлық жүйе балтасы жұртына тұлға, ұлтына ұйытқы жақсы-жайсаңдарымызды қырқып алып кетіпті, өмір есігін ашқан соң тағы екі жылдан кейін соғыс өрті лапылдапты. Одан бертінгі асқына түскен орыстандыру саясаты нәтижесінде тұтас халықтың өз атамекенінде азшылыққа айналып, ассимиляцияға ұшырауы, тілінен, дінінен, ділінен айрыла жаздауы... Әбіштерді туғызған, әдебиет әлеміне әкеліп, қайраткерлік алаңына шығарған уақыт, заман, қоғам ерекшелігі осындай-тын. Ендеше, соның бәр-бәрін де қабырғасымен ғана емес, бүткіл жан-жүрегімен қаршадайынан сезініп жетілген, Намыс пен Нартәуекелді жалау етіп, жап-жас шағының өзінде-ақ адамзаттық ақыл-ой алыптарының арғы-бергі білім қорын түбіне жете түгел игеруі, оның үстіне, Құдай берген дарын-қабілеті арқасында ұстазы Әуезовтің ілтипат-ықыласын аударған Кекілбаев – суреткердің әп дегеннен-ақ өз шығармаларына ел тағдырын, жер тағдырын, халық бейнесін алтын арқау, асыл өзек-желі еткеніне, тіпті де, таңдануға болмас. Өз түйсінуімше, осы тұрғыда ол ұлттық әдебиеттегі сирек құбылыс қана емес, әлемдік деңгейдегі Толстой, Шекспир сынды титандармен үндес те рухтас деп ойлаймын.

Есенбай Дүйсенбайұлы

 

26 Кітап
8 Аудиокітап