Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік
Ғафу Қайырбеков

Ғафу Қайырбеков

Айдыны кең арқалы ақын

            Ғафу есімі өлең мен жырдың, ой мен сөздің қадіріне жетер қазақ үшін таусылмас шабыттың баламасына айналғалы қашан?! Қаршадайынан қағылездік танытып, қатарының ғана емес, халқының алдына шыққан осынау ойы да, орны да алабөтен жыр жампозы туралы алыптарымыз да, ардақтыларымыз да тұғырлы сөз, тегеурінді бағаны аз айтқан жоқ... Солардың қай-қайсысы да Ғафу ақынның жаратылысын, ең әуелі, тумысы бөлек жырдан іздеген.

            Ақын айды суреттесе де, түнді тамашаласа да, ойға батса да бір уақ тіршілік тауқыметіне шырмалса да Ғафуша буырқанып, Ғафуша шамырқанып, Ғафуша сілкінеді. Ғафуша мұңаяды. Оның мына ұлы дүние құбылыстарын қабылдауын көркемдік призмадан өткізіп, сындырып, таратудағы суреткерлік бітімін, образдық ойлау әлемін өзге ешкіммен шатастыруға болмайды. Ақын мінезі оның әрбір нәрлі ой мен әрлі сөзінен, жібек сәуледей төгілген бейнелеу мәнерінен аңғарылып тұрады.

Нұрлан Оразалин

4 Кітап
1 Аудиокітап