Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік
Әділбек Ыбырайымұлы

Әділбек Ыбырайымұлы

Әділбектің кітабында әбігер тіршілік бар. Кітабын оқып отырып Әділбек ініммен айтысып, айқайласып отырған сәттерім де аз емес.

Егде тартып, еңсең түскенде, қарттықпен ұшырасқанда, бойыңдағы отыңнан, қойныңдағы тотыңнан айырылғанда айтылар сөзді жас жігіт неге сонша ерте айтты екен деген күдікті ойға берілгенім болмаса, Әділбектің осы бір жүрек жарды сөзіне мен әбден сендім.

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ,

Қазақстанның Халық жазушысы

 

Әділбектің тілді сергек сезінетіні, әдебиет мүддесін қалтқысыз аңғаратыны, бәрінен де бұрын жазу өнеріне деген ілтипат, құштарлығы зор. Ойды еркін жеткізіп, еркін тебіренетін ұшқырлығы, әріден қозғайтындығы үміттендіреді. Сондай-ақ, «балуанға оңы да, солы да бір» дегендей, оның өлеңге де, қара сөзге де тосырқамайтындығы, өзгелерден ерекшелігін айғақтайды.

Төлен ӘБДІК,

Мемлекеттік сыйлығының және халықаралық Кафка, Қазақстан ПЕН клубы сыйлықтарының лауреаты

 

Жалпы, шығармашылығын сырттай бақылап, өзім оқып келе жатқан соңғы лектің ішіндегі Әділбектің аяқ алысы өзгешелеу екені аян. Зейін салып, ден қойсаң, жазғаны қатпар-қатпар қыртыстардан тұратын күрделі ақын. Дүниетанымы, көркемдік-эстетикалық концепциясы, образды ойлау жүйесі, логикалық құрылысы өлеңмен сұхбаты аз, өнермен таныстығы үстірт кез келген адамға бірден ұғыла қоюы қиындау соғуы да ықтимал.

Фариза ОҢҒАРСЫНОВА

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

3 Кітап