Қазақ тілінің әмбебап сөздігі
Cөздік
0
Абай жолы роман-эпопеясында қазақ халқының тұрмыс-тіршілгі, өмірі, этнографиялық көрінісі өте сәтті берілген. Бұл шығармадан қазақ халқы туралы толыққанды ақпарат алуға болады.
Жауап (2)
  • Жауап қабылданды

    Жексенбі, Наурыз 20 2016, 12:33 PM - #тұрақты сілтеме
    0
    "Абай жолы" роман-эпопеясы қазіргі таңдағы сұраныстағы оқулықтардың қатарына жатады. Жоғарыда аталғандай бұр туынды расында да XIX ғасырдағы қазақ халқының шынайы өмірін суреттейді. Абай сол дәуірдегі қазақ халқын сауаттылыққа шақырған бірден-бір тұлға ретінде көрініп отыр. Кейіпкерлер саны әр алуан, әйтсе де олардың барлығының шығармада өз рөлі бар. Мәселен, Әйгерім қазақ халқындағы музыка өнерінің ең жоғарғы деңгейде дамығандығын көрсетсе, ал жағымсыз кейіпкердің қатарын толықтыратын Тәкежан қазақ халықндағы ағайындар арасындағы алауыздықты ашып, қазақ дүниетанымындағы "қазақ қой, көре алмауы сондықтан" деген пікірді ашқандай. осынау 4 томдық шығарма негізінен оқып отырған адамды күлдіріп, я бір кезде адамды тұңғиық бір қара ойға әкетеді. Ол шығарманың мына бір жерлерінен айқын көрінеді:бала Абайдың Қодар өлімін көруі, Иіс кемпірдің баласы Исаның дүниеден озуы, Қызықты дерліктей мен мына бір шағын жерін тауып оқыңыңызшы. Бірінші бөлімдегі Оспанның іс-әрекеті. Шынайы бала. Сонда көз алдыңа елестетесің, расында М.Әуезов осы туындысында "бала да, кемпір де, әйел де болған ба?"деп, әйтпесе осы туындына қалай жазған.
    Бұл жауап қайырулы Show
  • Жауап қабылданды

    Бейсенбі, Қыркүйек 08 2016, 05:08 PM - #тұрақты сілтеме
    0
    Бұл романның бір ғасырды ғана бейнелеп қамтиды деген ой мен үшін керағар секілді. Неге десеңіз, Абай заманның жаңарар шағында өмір сүрді ғой. Ескі заманның соңы өз заманы болуын тілемеп пе еді. Көз ашып, құлақ естігелі бері жер дауымен астарласқан жерге деген ашкөздікті, өз қамы үшін қармалған жағымпазды, жұрттың қате қадамын өз пайдасын асырмақ болған арам пиғылды, көріп, біліп өсті емес пе? Осылардың бәрінен де, оның жарлы жақыбайды жарылқайтын су жаңа заманның өзін көрмеседе, сол заманды атқызар таңды көрсем демеп пе еді?
    Бұл жауап қайырулы Show
Сіздің жауабыңыз